Халықаралық байқаушылар 120 учаскені аралауды жоспарлап отыр

Халықаралық байқаушылар 120 учаскені аралауды жоспарлап отыр
Сурет: Referendum2022_kz

ТМД-дан 8 байқаушы бар.

Қазақстанда барлығы 57 байқаушы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстанға келген сайын кадрлардың сапалы дайындығына куә боламыз. Отандық байқаушылар да жақсы дайындалған. Біздің міндетіміз - референдумның қалай ұйымдастырылып, өтіп жатқанын бақылау. Кешке кеңес өткізіп, барлық байқаушының пікірін білеміз. Ертең облыстарда алдын ала нәтижелер шығады», - деді ТМД байқаушылар миссиясы кеңесі хатшылығының басшысы – бас хатшы Дмитрий Кобицкий.