"Халықаралық банктен қарыз алу туралы" заң Президентке жолданды

"Халықаралық банктен қарыз алу туралы" заң Президентке жолданды
Сурет: Delfi

Қарыз 11,5 жылға беріледі.

Сенат депутаттары "Халықаралық қайта құру және даму банкінен қарыз алу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Құжат Президенттің қол қоюына жіберілді. Қарыздың жалпы сомасы - 345 млн 700 мың еуро. Мөлшерлемесі - 2,5 пайыз. Қарыз 11,5 жылға беріледі. Барлық ақша бюджет тапшылығын жабуға жұмсалады. Соның ішінде денсаулық, білім, әлеуметтік сала және қауіпсіздік шаралары бар.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, қарыз үлкен жеңілдікпен алынып отыр.

«Мысалы, қазір осындай қарызды еурооблигация немесе басқа құралдар арқылы тартатын болсақ, мөлшерлемесі 5 проценттен жоғары болатын еді. Бізе 2,5 проценттің шамасында беріп отыр. Негізі, бізде қарыздың 90 пайызы ішкі нарықтан алынады. Дегенмен, қазір базалық ставка көтерілді. Сондықтан ауыртпалығы жоғары қарызды алуды қажеті жоқ деп шештік», - деді Жамаубаев.

Оның сөзіне қарағанда, Үкіметтің қарыздары қауіпсіз деңгейде және ішкі жалпы өнімнің 23 пайызынан аспайды.