Халықаралық бақылаушы Қазақстандағы және АҚШ-ғы Президент сайлауын салыстырды

Халықаралық бақылаушы Қазақстандағы және АҚШ-ғы Президент сайлауын салыстырды

«Wikistrat Global Consultancy» аға ғылыми қызметкері, тәуелсіз бақылаушылар миссиясының АҚШ атынан мүшесі Ричард Уильям Вайц бүгін халықаралық бақылаушылар тобының құрамында жұмыс істеді. Ол Алматыда өткен сайлаудың барлық стандарттарға сәйкес өткенін атап өтті. 

Сайлау күні ол мегаполистің әр түрлі аудандарындағы 20 сайлау учаскесінде болған, оларды бақылағаннан бақылаушы оң әсерде қалған. 

«Учаскелердің әкімшілігі өз жұмыстарына жауапты қарады, олардың өз істеріне жауапкершілікпен қарағандарына көңілім толды. Олардың жұмыстары оңай болған жоқ», - деді Ричард Уильям Вайц. 

Халықаралық бақылаушы Қазақстандағы сайлау мен АҚШ-дағы сайлаудың айырмашылықтары барын айтты. Оның елінде сайлау науқаны мен сайлауалды үгіт-насихатқа көберек уақыт беріледі екен, Америкада ол науқан сайлау өтерден едәуір уақыт бұрын басталады.

 Бірақ спикер бұның ескерту емес екенін атап өтті. 

Баспасөз конференцциясы барысында бақылаушы қоғам өкілдерінен, партиядан бақылаушыларды шақыратын қазақстандық тәжірибенің қызы болғанын айтты. Оның ойынша, бұл қызық әдіс, Америкада ондай тәжірибе жоқ екен. 

«Мен үшін бұл тәжірибе пайдалы болды. Мен ол адамдармен сөйлестім, сұрақтарымды қойдым», - деді Ричард Уильям Вайц.

Жергілікті сайлау комиссияларының тағы ерекшелеген тұсы – мүмкіндігі шектеулі адамдарға дауыс беру мүмкіндігінің жасалғаны болды. Алматының сайлау учаскелері цифрландырылған. 

Қорытындылай келе, Ричард Уильям Вайц ертең, 21 қарашада Астанаға жолға шығатынын айтты, онда ол осы жұмысын жалғастырады, онда сарапшылармен кездеседі, АҚШ-на қайтқаннан кейін есеп жазуға кіріседі.