Халық саны жыл басынан бері 140,9 мың адамға өскен

Халық саны жыл басынан бері 140,9 мың адамға өскен
Сурет: Іnbusiness.kz

Халықтың 61,7 пайызы қалалықтар.

Статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы 1 тамызда еліміздегі халық саны 19 644,1 мың адамды құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Халықтың 12 111,1 мыңы, яғни 61,7 пайызы қалада, 7 533 мыңы, 38,3 пайызы ауылда тұрады.

2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 140,9 мың адамға немесе 0,7%-ға өсті. Ерлер саны 9 585,2 (48,8%) адамды құраса, әйелдер саны – 10 058,9 (51,2%) адам.