Халық өз таңдауын жасады

Халық өз таңдауын жасады

Тәуелсіз Қазақ елінің тарихында Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша екінші рет бүкілхалықтық референдум 5 маусымда өтті. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өткізілген референдум нәтижесіне орай Қазақстан халқына үндеу жасады.

Референдумда халық өз таңдауын жасады. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін өзгерісті күтіп жүргенін анық білдіріп жатыр. Референдумның алын ала нәтижелері бойынша жалпы дауыс берушілердің 77,18% қолдады. Мемлекет басшысының кешегі үндеуінде алдымызда қандай ауқымды жұмыстар тұрғанын анық байқауға болады. Референдум - бұл бастамасы ғана. Парламент тарапынан ондаған Конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және бірнеше жаңа заңдарды қабылдау қажеттілігі туындап тұр.

AMANAT партиясының барлық деңгейдегі депутаттары республика бойынша мыңдаған кездесулер өткізіп, референдумның маңыздылығы туралы халықтың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы жолы ойға түйгенім депутаттарымыз халықпен тығыз байланысты күшейткен сияқты. Қарапайым халық тарапынан тек қана референдумға байланысты емес, сонымен қатар толғандырған сұрақтарын тікелей қойып орындалуын талап етіп жатыр.

Жаңа Қазақстанның шеті көрінейін деп қалды ма деген ой кетті. Мемлекет басшымыздың бастамасы жаман емес. Еліміздің болашағы үшін деп еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі екеніне көзіміз жетіп отыр. Алла өзі амандығын беріп, болашақ үшін Жаңа Қазақстанды құруда еңбегімізді еселене берсін деп тілеймін.