Халық нақты өзгерістерді күтіп отыр, партия атына заты сай болуы тиіс - Қ.Ж.Тоқаев

Халық нақты өзгерістерді күтіп отыр, партия атына заты сай болуы тиіс - Қ.Ж.Тоқаев
Сурет: Inform.kz

Мен үшін ең басты құндылық - Қазақстанның Тәуелсіздігі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Аманат" партиясының съезінде сөйлеген сөзінде осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Мен үшін ең басты құндылық - Қазақстанның Тәуелсіздігі. Мемлекет басшысы ретінде еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Жауапкершілік жүгі қаншама ауыр болса да, одан еш қаймықпаймын», - деді Мемлекет басшысы «Аманат» партиясының кезектен тыс съезінде.

ҚР Президенті бүгін партияның бағыт-бағдары айқындалғанын атап өтті.

«Енді білек сыбана жұмыс жасауымыз керек. Халық нақты өзгерістерді күтіп отыр. Партия атына заты сай болуы тиіс. Ел бірлігін нығайтып, Жаңа Қазақстанды құру - бәрімізге ортақ міндет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.