«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша онлайн-тренинг өтеді

«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша онлайн-тренинг өтеді
Сурет: Ucoach.ru

Тренинг ZOOM платформасында өтеді.

1 шілде күні сағат 16:00-де «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша ауданды абаттандыруға қалай өтінім беруге болады» тақырыбында онлайн-тренинг өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қосымшаны  өзіңіздің жеке компьютеріңізге немесе смартфоныңызға алдын ала  жүктеп алуды сұраймыз.

Тренингке сілтеме Almaty Jobalary парақшасының тақырыпшасында орналастырылады.