«Халық қатысатын бюджет»: Жетісу ауданына 875 млн теңге бөлінеді

«Халық қатысатын бюджет»: Жетісу ауданына 875 млн теңге бөлінеді
Сурет: Almaty.tv

Алматы әкімі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасындағы өзгерістерге тоқталып өтті.

Бұл туралы қала басшысы Жетісу ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бұл жоба сіздердің оң пікірлеріңізді алды. Сондықтан мен биыл қосымша 7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдадым. Соның ішінде Жетісу ауданына 875 млн теңге бөлінеді. Бұл қаражат сіздер бастама көтеріп отырған жобаларды көптеп іске асыруға мүмкіндік береді», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Наурыз айында бағдарлама аясында алғашқы өтінімдер қабылданды. Аудан тұрғындарынан 120 өтінім түсті. Дауыс беру қорытындысы бойынша сіздер 3 226 дауыс берген 18 жоба орындалатын болады. Оның ішінде – қоқыс контейнерлерін қазып орнату (Құлагер, Көкжиек, Көкмайса шағынаудандары және т.б.); скверлер мен парктерді  абаттандыру (Кемел шағынауданы, Рысқұлов даңғылы – Гастелло көшесі); иттерді серуендетуге арналған алаң салу (Айнабұлақ-3 шағынауданы) және басқа да жобалар бар. Бұл жобалар биыл іске асырылады.