Түрксіб ауданында биыл 91 жоба іске асырылады

Түрксіб ауданында биыл 91 жоба іске асырылады
Сурет: Baq.kz

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 2022 жылы ауданда 800 млн. теңгеге 28 жоба іске асырылды.

Оның шеңберінде ортақ пайдаланудағы 14 орын, 10 балалар және спорт алаңдары абаттандырылды, 4 контейнер алаңы қазылып орнатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осы жылы Түрксіб ауданында 91 жобаны іске асыру жоспарланған.

«Менің тапсырмам бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыруға биыл қаланың барлық 8 ауданына қосымша 7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде сіздердің ауданға 875 млн. теңге бөлінді», - деді қала әкімі Е.Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде.