«Халық қатысатын бюджет» бойынша 28 жоба мақұлданды

«Халық қатысатын бюджет» бойынша 28 жоба мақұлданды almaty-akshamy.kz

Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бойынша 28 жоба мақұлданды және 2022 жылы іске асырылады


Бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 



«Біздің ауданда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, оның мақсаты – ауданды абаттандыру бойынша жобаларды жүзеге асыруға тұрғындарды тарту. Тұрғындардың бастамашыл ұсыныстары бойынша 2021 жылы 22 нысан абаттандырылып, түрлі шағын сәулет нысандары орнатылды, баскетбол, футбол, волейбол және воркаут алаңдары жабдықталды. 2022 жылы тұрғындардың өтініші бойынша 28 жоба мақұлданды», - деді Н. Лебаев.



Мақұлданған жобаларға Майлин көшесі бойынша жаяу серуендеу аймағын құру (бөлу жолағы), Майлин көшесі, 54 бойынша скверді бөлу, Сейфуллин даңғылы - шығыс/батыс жағы бойынша кіру тобын абаттандыру, Ақкербез көшесі бойынша жағалау аймағын жөндеу, сондай-ақ балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары кірді.


Қазіргі уақытта 9 жоба бойынша жұмыстар басталды: Рысқұлов даңғылы мен бұрылысындағы автотұрақты жөндеу. Айтықов көшесі және Көбеев көшесі, 196 бойынша жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу, Закарпатская көшесі бойынша балалар ойын алаңын жайластыру және т.б. Молдағалиев көшесі бойынша жаяу серуендеу аймағының құрылысы бойынша жұмыстар басталды.


Маяк тоғайын абаттандыру және Майлин - Бұқтырма көшесі бойындағы Жарбұлақ өзені арнасының жекелеген учаскелерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі, онда серуендеу аймақтары, демалыс аймақтары мен ойын алаңдары көзделген.


Сонымен қатар, балалар шығармашылығы үйі, «Әуежай даңқы» скверлерін және ҮАК үш жағажай аймағын абаттандырумен қатар реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.


Абаттандыру тақырыбын тәмамдаған Н. Лебаев жыл соңына дейін 32,5 мың көшет отырғызу жоспарланғанын хабарлады. Жыл басынан бері 1530 түрлі тұқым, 1650 шаршы метр бір жылдық, 647 шаршы метр раушан гүлдері және 620 шаршы метр көп жылдық көшеттер отырғызылды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45