«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 800 млн теңгеге 19 жоба іріктеліп алынды

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында  800 млн теңгеге 19 жоба іріктеліп алынды
Сурет: Almalife.kz

Іріктеліп алған 19 жобаның  18-і аяқталды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында  2022 жылы қанша жоба іріктеліп алынғаны және оған қанша қаражат жұмсалғаны жайында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

««Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында  2022 жылы 800 млн теңгеге 19 жоба іріктеліп алынды. Оның 18-і аяқталды, бір жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұл - Тіксай өзенінің жағалауын абаттандыру. Жұмыстарды осы жылдың қазан айында аяқтауды жоспарлап отырмыз»,- деді қала әкімі. 

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында жалпы сомасы 493 млн теңгені құрайтын 23 жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде – Кіші Алматы өзенінің жағалауын абаттандыру және 20 ауланы жөндеу жобасы бар. Бұл жұмыстар биылғы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады. 

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде келіп түскен 128 өтінім бойынша дауыс беру аяқталды, оның ішінен бүгінгі күні комиссия алдын ала іріктеп алды. «Халықтық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде келіп түскен 128 өтінім бойынша дауыс беру аяқталды, оның ішінен бүгінгі күні комиссия алдын ала 2023 жылы 800 млн теңгеге жүзеге асырылатын 30 жобаны іріктеп алды»,- деді Ерболат Досаев.