«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 28 жоба жүзеге асты

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 28 жоба жүзеге асты
vladnews.ru

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің м.а. Е.А. Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде барлық жоспарланған 28 жоба (100%) орындалды, атап айтқанда, 14 - жер абаттандыру бойынша, 10 - балалар және спорт алаңы, 4 - тереңдетілген контейнер алаңы.  

Сонымен қатар бағдарлама аясында Б. Хмельницкий көшесіндегі сквер жөнделді, Түрксіб ауданына кіре берістегі бос учаскелер (Сейфуллин даңғылы және Лавренев көшесі) абаттандырылды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 2023 жылға 164 жобадан 24 жоба таңдап алынды, оның ішінде 12 балалар және спорт алаңы, абаттандырылатын 9 объект және 3 тереңдетілген контейнер алаңы бар.