Біздің батыр Хабибтің промоушенінде жекпе-жек өткізеді

Біздің батыр Хабибтің промоушенінде жекпе-жек өткізеді
Сурет: Рrosports.kz

Айрықша жекпе-жек болмақ

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дәурен Ермеков (14-5) EFC 42 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған турнир 17 қазанда Сочиде өтеді.

Орта салмақта бақ сынайтын Ермековтің кезекті қарсыласы - 30 жастағы ресейлік Нуцалхан Умаханов (7-0).

Дәурен Ермеков кейінгі жекпе-жегін 2020 жылы 9 қыркүйекте Мәскеуде өткізді.

Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған турнирде жерлесіміз үшінші раундта ресейлік Владимир Минеевтен техникалық нокаутпен ұтылды.

Сонымен қатар, EFC 42 турнирін Хабиб Нурмагомедовтың Eagle Fighting Championship промоушені ұйымдастырады.