«Хабар» арнасының директоры болып Жайна Сламбек тағайындалды

«Хабар» арнасының директоры болып Жайна Сламбек тағайындалды
Сурет: Elorda.info

«Хабар» арнасының директоры ауысты

Бұған дейін Qazaqstan телеарнасындағы «Apta» бағдарламасының жетекші-жүргізушісі қызметін атқарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жайна Сламбекқызы 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған. 

Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған. 2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді. 

2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды. 

2019 жылдың тамызынан «Apta» бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі. 

Жайна Сламбекқызы – Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1999 ж), «Құрмет» орденінің иегері. Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін Президент сыйлығымен марапатталды (2019 ж.), сонымен бірге «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығының иегері (2020 ж.).