Кездесуден көп ой түйдiм

1

Алматы қаласының әкiмi А.Есiмов қала жұртшылығымен есептi кездесуiнде бiр жыл мерзiмде атқарылған iстердi жан-жақты баяндай келе, алда тұрған мiндеттерге тоқталды. Үш сағатқа созылған кездесу өте тартымды өткенiне куә болдық. Шынын айтқанда, қала тұрғындарының Алматы болашағына бей-жай қарамайтынына риза болдық.

Алматы – елiмiздiң экономикасы мен өндiрiсiнiң, мәдениетi мен өнерiнiң, ғылымы мен бiлiмiнiң, тарихы мен өркениетiнiң дамуына елеулi үлес қосып отырған үлкен елдi мекен. Алматы қаласы бүгiнгi таңда Қазақстандағы жалпы iшкi өнiмнiң 18% деңгейiн қамтамасыз етiп, ел қазынасына мемлекеттiк бюджеттiң барлық кiрiсiнiң 24%-ын бередi. Елдегi барлық банк операциясының 53,2%-ын, көтерме тауар айналымы көлемiнiң 40%-ын, бөлшек тауар айналымының 29,4% -ын, кәсiпкерлiк саласымен өндiрiлетiн жұмыс пен қызмет көрсетулер өнiмдерiнiң 24,2%-ын, тұрғызылатын үйлердiң 11,7%-ын, негiзгi капиталға салынатын барлық инвестициялардың 8,4% -ын Алматы қамтамасыз етедi. «Осынша жетiстiкке бiздер қаламызда тұратын барлық еңбек адамдарының жоғары кәсiби және адал еңбегiнiң арқасында жетiп отырмыз», – деп Ахметжан Смағұлұлы қала жұртшылығының еңбегiне шынайы ризашылық бiлдiрдi. Алда тұрған көптеген мiндеттердiң iшiнен ол үш мiндетке: қаламызды әлеуметтiк-экономикалық жағынан бұдан әрi дамытуға, экологияны және қауiпсiздiктi жақсартуға ерекше назар аударды.

Кездесу барысында қала әкiмi 2 сағаттан астам уақыт бойы жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап бердi. Кездесудiң ашық демократиялық жағдайда өткенiне тұрғындардың өздерi куә болды. Қала тұрғындары өздерiн алаңдатып жүрген көптеген мәселелердi ашық айтып, нақты ұсыныстар бiлдiрдi. Ахметжан Смағұлұлы әр сұрақты мұқият тыңдап, оларға шынайы жауабын айтып, әрбiр көтерiлген мәселенiң мұқият зерделенiп, зерттелiп, оған және жазбаша да түсiп жатқан барлық сұрақтарға мiндеттi түрде жауап берiлетiнiне жұртшылықты сендiрдi.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бiздiң басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттiң, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектiң негiзiнде берекелi қоғам құру», – деп атап көрсеткен болатын. Кездесу барысында осы абыройлы мақсаттың орындалуына ордалы мекенiмiз – Алматының да қосар үлесi мол болатынына сенiмiмiз арта түстi.

 

Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президентi, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *