Кейінгі 3 жылда елімізде экотуристер саны 2 есе артты

Кейінгі 3 жылда елімізде экотуристер саны 2 есе артты Сурет: ашық дереккөз

Кейінгі 3 жылда Қазақстанда экотуристер саны 2 еседен астам өсті. Егер 2020 жылы олар 985 мың болса, 2022 жылдың соңында 2 млн-ға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Бұл Қазақстандағы экологиялық туризмнің даму динамикасы және елдегі экотуризм мәдениетінің қалыптасқанының көрсеткіші. Сондай-ақ республиканың ұлттық саябақтарында жаңа туристік нысандар: визит-орталықтар, кемпингтер мен глампингтер салынып жатыр. Онда қонақтарға жергілікті экожүйе және жабайы жануарлар, туристік маршруттар, тасымалдау пункттері және т.б. туралы ақпарат беріледі. Мысалы, «Аюсай» визит-орталығында туристердің қауіпсіздік журналына әр түрлі соқпақ жолдармен шығатын саяхатшыларды тіркейді. Егер демалушылар сағат 22:00-ге дейін оралмаса, визит-орталық қызметкерлері іздеуді бастайды»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.



Естеріңізге сала кетейік, кейінгі 2 жылда Қазақстанның ұлттық парктерінде 14 визит-орталық ашылды, оның 7-уі жеке инвесторлардың қаражатын тарта отырып салынды. Сонымен қатар, елдегі глампингтер саны биыл 38-ге жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38