Кейбір ағаш түрлерін жарты жылға дейін экспорттауға тыйым салынады

Кейбір ағаш түрлерін жарты жылға дейін экспорттауға тыйым салынады
Сурет: Egemen.kz

Үкімет кейбір ағаш түрлерін елден шығаруға алты ай мөлшерінде тыйым салды

Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың басшылығымен өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Ресейлік ағаштың рұқсатсыз қайта экспортталуын болдырмау, отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін қай елде шығарылғанына қарамастан, кейбір ағаш түрлерін 6 айға дейін ел аумағынан әкетуге тыйым салынды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ экспортқа мораторийді алып тастау туралы шешім қабылданғанға дейін әр 6 ай сайын шектеулерді автоматты түрде ұзарту туралы ұсынысты мақұлдады.

Күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын шығаруға квотаны ұлғайту қажеттігі мен табиғи уран, оның қосылыстарына экспорттық кедендік баж салығын енгізу мәселелері талқыланды. Ә.Смайылов тұқым өндірушілердің мүдделерін ескеріп, күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын экспорттауға квотаның тиімді көлемін анықтау және өнім бағасының өсуіне жол бермеу керек екенін баса айтты.