Кей өңірлерге ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірлерге ауа-райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Kyzylorda-News.kz

Ертең ауа райы қандай болады?

Еліміздегі алты облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты синоптиктер ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

12 қарашада түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, күндіз шығыс жартысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысалы, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, күндіз шығыс жартысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Облыстың солтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың шығыс жартысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оралда ертең жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін.