Кешеден бері Алматы бойынша «жарылғыш зат» қойылды деген жалған ақпарат қаптап кетті

Кешеден бері Алматы бойынша «жарылғыш зат» қойылды деген жалған ақпарат қаптап кетті
Сурет: 7kun.kz

Алматы әуежайында «бомба» қойылды деген ақпарат расталмады

Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, «жарылғыш зат» туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Әуе кемесіне «бомба» қойылды деген ақпарат түсе салысымен, төтенше жағдай жоспары бойынша кешенді тексеру жүргізілді. Ақпарат расталмады. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметінен.

Бұған дейін қаланың шұғыл жедел қызметтері Алматы халықаралық әуежайын тексеруге жұмылдырылған еді.

Сәуірдің 14 күні Алматы әуежайының электронды поштасына Минск-Алматы бағытындағы ұшақ бортына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын.