Кеше «қызыл» аймақта болған Ақмола облысы «сары» аймаққа өтті

Кеше «қызыл» аймақта болған Ақмола облысы «сары» аймаққа өтті
Сурет: Lada.kz

Бүгінгі таңда «қызыл» аймақта ешбір өңір жоқ.

2021 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қызыл» аймақта:

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. 

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.