Кеше 241 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

Кеше 241 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды
Сурет: Ашық дереккөзі

Екі науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына 231, коронавирус белгілері бар пневмонияға 11 адам шалдықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жалпы, 28 желтоқсандағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан (коронавирус (КВИ+) –2 480, пневмония (КВИ-) –141) 2 621 адам емделуде. Олардың ішінде 282 пациент стационарда, 2 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр; 6 пациенттің жағдайы өте ауыр; 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, 26 желтоқсанда коронавирус 175 адамнан анықталған болатын. Пневмонияға шалдыққандар тіркелмеді.