Кеше 59 адамнан коронавирус анықталды

Кеше 59 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Өкінішке қарай, екі науқас көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі COVID-19 статистикасын жариялады. Мәліметтерге сәйкес, 5 қазанда елімізде коронавирус инфекциясының 60 жағдайы расталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

Пандемия басталғалы бері елде барлығы 1 393 839 КВИ жағдайы анықталды.

6 қазандағы мәлімет бойынша, 1 129 адам коронавирус инфекциясынан (–997 + және 132 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 119 пациент стационарда, 1 010 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Өкінішке қарай, тағы 2 науқас көз жұмды. 

 КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.