Кеше 46 адамнан коронавирус анықталды

Кеше 46 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Бес адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте елімізде 46 адамнан коронавирус анықталып, 5 адам аталмыш дерттен жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

24 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 790 адам коронавирус инфекциясынан (–1 652+ және 138 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 698 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 5 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.