Кеше 219 адамнан коронавирус анықталды

Кеше 219 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

4 пациенттің жағдайы өте ауыр

Өткен бір тәулікте 219 адамнан коронавирус, 18 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

8 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 556 адам коронавирус инфекциясынан (–1 348+ және 208 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 234 пациент стационарда, 1 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Атап кетсек, кеше 175 адамнан коронавирус, 10 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды.