Кеше 114 адамнан коронавирус анықталды

Кеше 114 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Төрт адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте Қазақстанда 114 адамнан коронавирус анықталып, 14 адам аталмыш дерттен жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

17 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 659 адам коронавирус инфекциясынан (–1 473+ және 186 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 116 пациент стационарда, 1 543 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 4 адамның жағдайы ауыр,

• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.