Кеше 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Кеше 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Cурет: Inform.kz

Алматыда 5 жағдай тіркелді

Қазақстанда өткен тәулікте 10 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында - 5, Алматы облысында - 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны осымен 1305543 адам болды.