Керекуден 500 тонна қар шығарылды

Керекуден 500 тонна қар шығарылды
Сурет: Аzertag.az

Павлодарға омбы қар түсті

Облыс орталығын қардан тазарту жұмыстары түні бойы жүргізіліп, елуден астам арнайы техника жұмыс атқарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Көшелер мен айналма жолдардың қыс мезгіліндегі тазалығын екі мердігер компания қамтамасыз етеді. Қыс маусымы басталғалы полигонға 6 мың тоннадан астам қар шығарылыпты.

Бүгін таңғы сағат 6-дан бері  шығарылған қардың көлемі 500 тоннадан асты. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.

Әзірге барлық күш қаланың басты көшелері мен адамдар көп жүретін жерлерге бағытталып отыр.

«Бүгін таңғы сағат 06:00-ден бастап қала көшелерінде қарды тазалау және шығаруға 70-тен астам арнайы техника шықты. Яғни бұлар 24 қар тиегіш және 50 жүк машинасы. Жолдардың жиектерін, аялдама павильондарын және жаяу жүргіншілер өткелдерін тазалауға 200-ден астам адам жұмылдырылды. Алдымен жаяу жүргінші жолдары, аялдамалар, баспалдақтар, еңістер қардан тазартылуда», - деді қала әкімінің баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.