Кеңсай, Көлсай, Сұлусай шағын аудандарында емхана мәселесі қиын болып тұр

Кеңсай, Көлсай, Сұлусай шағын аудандарында емхана мәселесі қиын болып тұр
Сурет: Тotal.kz/

8 мыңнан астам тұрғын 10 шақырым жерде орналасқан №5 клиникалық аурухана жанындағы емханаға және №2 емханаға жүгінеді.

Халық тығыздығының жоғары болуына және бос жер учаскелерінің болмауына байланысты Медеу ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйі өзекті мәселе, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Медициналық қызметтермен қадамдық қолжетімділікте Кеңсай, Көлсай, Сұлусай шағын аудандары қамтылмаған. 

1) Кеңсай тұрғындары үшін  ауысымына 100 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны ашу үшін  ғимарат сатып алынды, қаражат бөлінді. Ғимаратты жөндеу жыл соңына дейін жүзеге асырылады.

2) Көлсай және Сұлусай шағын аудандарында фельдшерлік-амбулаториялық пункттерде демеушілер есебінен ғимараттарға жөндеу жүргізіледі. Ретке келтіру, қаржыландыру жергілікті бюджеттен қамтамасыз етіледі.

3 Думан ш / а  тек 1 ОДА қызмет көрсететін  бір ауысымда 500 келушіге арналған жаңа заманауи емхана салуды жоспарлап отыр. Жер телімі анықталды, ЖСҚ әзірлеу үшін қаражат бөлінді, құрылыстың басталуы 2023 жылға жоспарланған.

Келесі жылдың 1 тоқсанының соңына дейін «Алатау» қалалық ауруханасын күрделі жөндеуге, №4 жедел жәрдем қосалқы станциясы үшін ғимаратты бұзуға және салуға ЖСҚ әзірлеуді аяқтау жоспарлануда.