«Кенесары хан» кітабы жарық көрді

«Кенесары хан» кітабы жарық көрді
Сурет: Qazaqtv.com

Елордада «Кенесары хан» атты кітаптың тұсауы кесілді.

Жинаққа нар тұлға және оның қасында жүрген Наурызбай, Саржан, Есенгелді сынды жаужүрек батырлардың қаһармандығын суреттейтін аңыз-әңгімелер мен тарихи жыр-дастандардың таңдаулы үлгілері топтастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Тың еңбекте Кенесарының ханға лайық бекзат болмысы, елін қорғау жолындағы жорықтары, соңынан ерген жауынгерлер бейнесі шынайы әрі көркем баяндалады. Айта кетейік, ел арасында оның тағлымды өмірі мен азаттық жолындағы шайқастарын жыр еткен аңыздар аз емес. Алғашқы нұсқалары ХІХ ғасырдың басында хатқа түсе бастаған. Тың еңбекте мұрағаттық деректер де кеңінен қамтылған.

"Тарихи негізде жазылған біздің ғалымдарымыздың, біздің тарихшыларымыздың, біздің академиктердің Кенесары Қасымұлының ерлігін, өмірін зерттеп жүрген ғалымдардың ғылыми негізделген, архив деректеріне негізделген материалдар жарық көріп жатыр. Сондықтан бұл уақытында шығып жатқан құнды еңбек, келер ұрпаққа керек. Әлі де өзінің жалғасын табатын еңбек деп есептеймін", - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев.