Кенен Әзірбаев, Байкент, Асқар Тоқпанов...

Кенен Әзірбаев, Байкент, Асқар Тоқпанов...
Сурет видеодан алынды

Алматы облысында кейбір ауылдар мен округтердің атауы өзгерді

Алматы облысында кейбір ауылдар мен округтерді атауы өзгерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жаңа атаулар бірнеше ауылдар мен округтерге беріледі:

Покровка ауылы атауын - Кенен Әзірбаев, Чапаево ауылы - Байкент, ал Медереченск ауылы - Ақсай деп өзгертеді. Казциков ауылдық округінің Комсомол ауылы - Жайнақ деп өзгертіледі, ал Казцик ауылы - Асқар Тоқпанов ауылы болады.

Сондай-ақ, Кеген ауданында Жалаңаш ауылдық округі мен Жалаңаш ауылы сәйкесінше Жалағаш ауылдық округі және Жалағаш ауылы болып өзгертіледі.

Сонымен қатар, Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінде Қызыл-Ту-4 ауылы - Жібек Жолы ауылы болып өзгертілді.