Кеміргіштер көбейіп кетті

Кеміргіштер көбейіп кетті
News.myseldon.com

Алматылықтар егеуқұйрықтардың көбеюіне қатысты шағымданып жатыр


Әлеуметтік желілерде тараған Алматыдағы егеуқұйрықтардың көбеюіне қатысты Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Егеуқұйрықтар қала аумағында көбейіп барады. Бұл оларды уламаудың салдарынан», - делінген жазбада. Желі қолданушылары егеуқұйрықтардың саябақтар мен базарларда да көптеп кездесетінін айтуда.

Өз кезегінде Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы аталған ескертуге байланысты Мәметова мен Уәлиханов көшелері қиылысында кеміргіштерді жою жұмыстарын жүргізуге тиісті тапсырма берілгенін хабарлады. Бұдан бөлек, «Amanat Cleaning» ЖШС мердігер ұйымы дератизациялық жұмыстардың бірінші кезеңін аяқтаған.

«Бұл жұмыстардың екінші кезеңі биылдың қыркүйек айына белгіленді. Яғни осы жылғы 30 қарашаға дейін жалғасады. Қосымша мобильді бригадалар тартылды, олар тұрғындардың шақыртуы бойынша барады. Өтінімдерді Open Almaty порталы, әлеуметтік желідегі (басқарманың) парақшалар мен азаматтардың жазбаша шақыртуы бойынша энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы қабылдайды», - делінген басқарма жауабында.