Келесі жылы МӘМС-тің жарнасы көбейеді

Келесі жылы МӘМС-тің жарнасы көбейеді
Сурет: Syr-media.kz

Жарна құны 2 125 теңгеден 3 000 теңгеге дейін өседі.

Қазақстанда 2022 жылдан бастап МӘМС үшін жалақыдан ұсталатын қаржы мөлшері көбейеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Келер жылы ең төменгі жалақы мөлшері көбейеді. Соған сәйкес, МӘМС-тің жарна мөлшерлемесі де 2 125 теңгеден 3 000 теңгеге дейін өседі», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Ирина Подскочая.

Спикердің айтуынша, келесі жылы жұмыс берушілердің МӘМС-ке аударымдарының мөлшері 3%-ға дейін өседі. Алайда жарналар жалақының 2% мөлшерінде бұрынғысынша жалақыдан ұсталатын болады.

«2022 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көбеймек. Сондықтан МӘМС жарнасы да 2 125 теңгеден 3 000 теңгеге дейін өзгереді (1 ЕТЖ-дан 5%). Өзгерістер ЖК, АШ иелеріне және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты – 2 975 теңгеден 4 200 теңгеге дейін (1,4 ЕТЖ-дан 5%)», – деді басқарма басшысы.