Келесі айда неше күн демаламыз?

Келесі айда неше күн демаламыз?
Сурет: Wrike.com

Қазан айында елімізде мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер жоқ.

Десе де, қазақстандықтар бірнеше кәсіби мерекені атап өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы мәлімдеген «Электронды үкімет» порталының ақпаратына сәйкес, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар келесі айда 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар небәрі бес күн демалады.

Келесі айдағы атаулы кәсіби мерекелер тізімі мынадай:

1 қазан – Қарттар мен Радио күні;

қазан айының алғашқы жексенбісі – Мұғалімдер күні;

6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің үні;

10 қазан – Қазақстанның кәсіптік одақтар күні;

16 қазан – Нан күні;

19 қазан – Құтқарушылар күні;

қазан айының үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;

29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;

қазан айының соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні.