Келесі жылы Алматының Наурызбай ауданында газбен жабдықтаудың магистральдық желісінің құрылысы басталады

Келесі жылы Алматының Наурызбай ауданында газбен жабдықтаудың магистральдық желісінің құрылысы басталады almaty-akshamy.kz

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин 2024-2026 жылдарға арналған мегаполис бюджетінің жобасы қаралған Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында хабарлады.


Айтуынша, биыл 14,6 млрд. теңгеге 17,7 шақырым жылу желісін қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілген. «ҚазТрансГаз Аймақ» инвестициялық бағдарламасы бойынша 355 жеке тұрғын үйді қамтитын 23,2 шақырым газбен жабдықтау желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр. 




«Келесі жылы жергілікті бюджет қаражатына 1,6 млрд. теңге көлемінде Наурызбай ауданында газбен жабдықтаудың магистральдық желілерінің құрылысы басталады. «Alma City», «Елім-ай 4» сияқты тұрғын үй кешендерінің және «Елисей алаңдары» коттедж қалашығының 3 мың тұрғыны қамтылады», - деді Асқар Әмрин. 



Оның айтуынша, 2024 жылы 30 нысанды қамтитын 5 қазандықты (Жұлдыз, Солнечная, Тайыров, Медеу және Кемел ш/а.) қайта жаңарту аяқталады. Оған 2,7 млрд. теңге бөлінеді. Келесі жылы 10,2 км-ден астам жылу желілерін қайта жаңарту аяқталады. Келер жылдың бюджетінде бұл мақсаттарға 5,9 млрд. теңге қарастырылған. 


Сонымен қатар, 2024 жылы Наурызбай ауданында тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар тұрғын үй құрылысы жалғасады. Оған 12 млрд. теңге бөлінеді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26