Келесі қысқы Азия ойындары қай қалада өтеді?

Келесі қысқы Азия ойындары қай қалада өтеді?
Сурет: qnews.myseldon.com

Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы атады. 

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, сары құрлықтың келесі ақ Олимпия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітіп үлгерді. IX бәсекенің ұраны:«Қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат» (Dreams of Winter, Love among Asia).

Айта кетейік, Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азия ойындары өткен. Сол кездегі мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы да қолданылмақ. 

Реті бойынша ІІІ ойындар Қазақстан делегациясы үшін табысты болды. Ұлттық құрама сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-сатыға жайғасқан.