Келер жылы дәрігерлердің жалақысы 531 мың теңге болады

Келер жылы дәрігерлердің жалақысы 531 мың теңге болады
Сурет:Review.uz

Орта медицина персоналының жалақысын 250 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланған. 

Елімізде 3 900 дәрігер жетіспейді. Бұл туралы бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Кадр мәселесі ерекше назарда. Республика бойынша кадр тапшылығы сезіледі, мысалы, 3 900 дәрігер жетіспейді. Былтыр үш мыңнан астам жас түлек жолдамамен жұмысқа жіберілді, оның 630-ы – ауылдық елді мекендерге жолданды. Биыл бітірген 1 872 жас түлектің 441-і ауылдарға жіберілді. Келесі жылға 11 мыңнан астам маман дайындап жатырмыз. Қазір көп жерде мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетілмейді. Үй, көтеріңкі жәрдемақы мәселесін көтеріп жатырмыз. Әсіресе, ауылға баратын дәрігерді ынталандыру қажет», - деді министр.

Оның атап өтуінше, 2022 жылы жалақы дәрігерлерге орта есеппен – 30, орташа медицина персоналына 20 пайызға көтерілді.

«Келесі жылы дәрігерлерге жалақыны орташа есеппен 531 мың теңгеге дейін, орта медицина персоналына 250 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланған. Сонымен бірге медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін және медицина қызметкерлерінің мәртебесін сақтандыру жүйесін енгізу үшін тиісті заң жобасы әзірленді. Ол Мәжіліске енгізіліп, деутаттардың қарауында», - деді Ажар Ғиният.