Жеңілдетілген автонесие алғыңыз келсе...

Жеңілдетілген автонесие алғыңыз келсе...
Сурет: Depositphotos.com

Келер айдан бастан Қазақстанда жеңілдетілген автонесиеге электрондық кезек ашылады

Осы жылдың желтоқсан айында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша электрондық кезек іске қосылуы ықтимал, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz LS сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, электронды кезек беру платформасы тестілеудің соңғы кезеңінде тұр. Келесі айдан бастап іске қосылады.

Бұл өтініш берушіге өтінімді электрондық ресурста жіберіп, кейіннен қарыз берілген сәтке дейін ағымдағы мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

"Электрондық кезекке сәтті қойылған жағдайда өтініш беруші бағдарламаға қатысушы кез келген банкке жүгінуге құқылы, ол қарыздың мақұлданғанын растайды", - деп түсіндірді министрлікте.

Электронды кезекке қою ай сайын автонесие беруге өтінімдерді тіркейтін платформада жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама шарттарына сәйкес, сыйақы мөлшерлемесі 4%-дан, несиелеу сомасы 10 млн теңгеден аспайды, мерзімі – жеті жылға дейін, бастапқы жарнасыз, автокөлік құны – 15 млн теңгеге дейін.