Қ.Бишімбаев: «Қасақана адам өлтірді дегенді мойындамаймын. Мен Салтанатты сүйдім»

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Қ.Бишімбаев: «Қасақана адам өлтірді дегенді мойындамаймын. Мен Салтанатты сүйдім» Сурет: Egemen.kz

Астана қаласында әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтті.


Қоғамдық резонанс тудырған қайғылы жағдайға қатысты сот отырысы Жоғарғы соттың ресми әлеуметтік желілерінде тікелей эфирден көрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Айыпталушыдан жауап алу кезінде С.Нүкенованың анасы көзіне жас алып: «Сен оны сегіз сағат бойы өлтірдің. Өткеніңді айтып берейін бе? Қызымды қалай өлтіргеніңді...», деді сотқа қатысушы сотталушыға.



Жауап беруді жалғастырған Қ.Бишімбаев:



«Мен тағы да қайталап айтамын. Сіз мені жек көрсеңіз де. Мені қарғасаңыз да болады. Жаратушының алдында тағы да қайталап айтамын, сіздердің бәріңіздің алдарыңызда да жауап беруге дайынмын. Мен әйелім Салтанатты қасақана немесе саналы, жоспарлы түрде жасалған ерекше қатігездікпен өлтіру фактісін мойындамаймын. Мен Салтанатты сүйдім», - деп жауап берді. 


Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение