ҚазТемірТранс Қостанай филиалының директоры пара алғаны үшін сотталды

ҚазТемірТранс Қостанай филиалының директоры пара алғаны үшін сотталды
Сурет: Ашық дереккөзі

Жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алған

2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласының №2 соты «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры Б. Усабеков пен «Вадиса М» ЖШС директоры С. Таировқа қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жоғарыда аталған тұлғалар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды, берді деп айыпталды.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 24 млн теңгені құрайды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.