«Қазпошта» қызметкерлерінің жалақысы өседі

«Қазпошта» қызметкерлерінің жалақысы өседі
Сурет: Inform.kz

Алматыда жалақысына көңілі толмаған «Қазпошта» бөлімшелері қызметкерлерінің жағдайына байланысты мекеме басшысы брифинг өткізді.

Оның айтуынша, келер жылдан бастап өндірістік персоналдың жалақысын арттыру көзделіп отыр. Сондай-ақ Дүниежүзілік пошта күніне орай сыйақы берілетінін жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазіргі таңда ең төменгі жалақы 90 мың теңге көлемінде. Көп пошта бөлімшесін жөндеу керек. Алайда оған қаражат жеткіліксіз, - дейді жауаптылар.

«Біз бәсекелестік нарығында еңбек етудеміз. Лайықты еңбекақы беруге де қабілеттіміз. Алайда «Қазпошта» – әлеуметтік жоба. Біз мемлекет тарапынан қала мен ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік міндеттемелерді іске асырудамыз. Көп жағдайда екінші деңгейлі банктер мен курьерлік қызметтер ауылдарда жоқ», - деді  «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаев.