«ҚазМұнайГаз» атын жамылған алаяқтар қазақстандықтарды алдап жүр

«ҚазМұнайГаз» атын жамылған алаяқтар қазақстандықтарды алдап жүр
Сурет: 24.kz

Қазіргі уақытта алаяқтар Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт құрып, видеолар таратуда.

Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмайтынын мәлімдейді! Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер! Сақ болыңыздар! Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз. Еске саламыз, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты www.kmg.kz сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды», - делінген хабарламада.