Қазіргі жастар неге кәрі көрінеді?

Қазіргі жастар неге кәрі көрінеді?
Суреттер жасанды интеллект көмегімен жасалды

Ешбір адам кәрі көрінгісі келмейді. Бұл қай заманда да осылай.

Адам қанша жерден жас қалпын сақтағысы келгенімен, табиғат заңдылығы оған бағынбайды. Бұл контекстте «қазіргі» жастар деп бөліп айтқан дұрыс болар. 50-60 жас былай тұрсын, отыздың өзі жастар үшін «онша» ұнамай тұр.

«Зумерлер», яғни Z буынының (1995-2010 жж аралығында туғандар) алды қазір 28-29-ға келсе, жас дегендері 14-те. Осы буын өкілдері өздерінің бет әлпетімен турасын айтқанда, қатты "алысып" қалған. Бәрі болмаса да, мектептің жоғары сыныбына өткеннен бастап, шамамен 20-ға таяған жастардың көбі жастығын сақтау үшін жаппай қартаюға қарсы процедураларды ерте бастап кеткен.

Бұндай үрдістің белең алуына бәріне үлгеріп жүретін тиктокерлер де барынша үлестерін қосып жатыр. Олар «Қартаюды 14 жастан бастап баяулату үшін не істеуге болады?» деген сыңайдағы тақырыптарда түрлі бейне-роликтерді түсіріп те тастаған. Бірақ... Қанша жерден жастарымыз жас көрінемін деп тырысқанымен, керісінше, түрлері үлкен көрінеді. Бұны дәрігерлердің өздері де растап отыр. Мәселен, 20 жастағы қыздар өзінен он жас үлкен әпкелеріне қарағанда әлдеқайда «кәрі» көрінеді. Зумерлер неліктен қартаюдан соншалықты қорқатынын талдап көрейік.

«Зумерлердің  миллениалдардан (шамамен 1982-2004 жылы аралығында туғандар)  айырмашылығы, косметологияның артықшылықтарын тым ерте қолдана бастуында, ал филлерлер мен ботоксты жас кезінде шамадан тыс (көбінесе қажетсіз) қолдану беттің табиғи құрылымына қалпына келмейтіндей әсер етеді. Сондықтан олар көбінесе алдыңғы буын өкілдерінен үлкен көрінеді», - деп түсіндіреді атақты адамдармен жұмыс істейтін  косметолог Раша Рахшани-Могадам.

Дәрігердің сөзінше, миллениалдар өз денсаулықтарына барынша мұқият қарайды және салауатты өмір салтын ұстанады. Олардың бұл әрекеттері де сырт келбеттерінің жақсы көрінуіне оң әсер етеді. Ал жастар болса, әжім, артық салмақпен және басқа да кемшіліктермен тез және оңай әдістермен – косметика және пластикалық ота көмегімен күресуді жөн санайды.

#antiaging хештегімен («қартаюға қарсы») TikTok платформасында шыққан жарияланымдар 7,9 миллиард қаралым жинаса, «ботокс» хештегінде 10,2 миллиард қаралым болған.

Зумерлердің уақытынан бұрын қартаюына олардың өмір салты әсер етеді.

Косметика мен бет-аузын көп бояу - жастардың ерте қартаюының жалғыз себебі емес. Зумерлердің сырт келбетінің көрінісіне теріс әсер ететін басқа факторлардың қатарында мамандар күйзеліс, нашар экология және жаман әдеттер де барын айтады.  Көбінесе  «өздерін жақсы сезінетіндер қатарынанбыз» деп санайтын миллениалдар басқа ұрпаққа қарағанда аз ішеді және темекіні де аз шегеді.

Темекі шегуге келетін болсақ, қазір 25 жасқа дейінгілердің дені вейп пен басқа да электронды темекі түрлерін шегуге әуес. Ал медицина мамандарының айтуынша, темекі шегетін адамдардың беті үш есе тез қартаяды.

Косметолог Амиш Пательдің айтуынша, 20 жастағылар фаст-фуд, газдалған сусындар және майлы тағамдарға артықшылық бере отырып, олардың тамақтануына да немқұрайлы қарайды.

«Мұндай тамақтану әдеттері, темекі шегу, SPF қорғанысын елемеу және спортты ұнатпау жасынан ерте қартаюға әкеледі. Мұнда қымбат күтім көмектеспейді», - деп түсіндіреді сарапшы.

Доктор Росс Перри сонымен қатар жастардың денесін жасанды жолмен солярийге барып күйдіруге әуестігі барын да еске салды. Екі әдет те онкологияның даму қаупін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, терідегі қартаю дақтары мен майда әжімдердің пайда болуына әсер етеді.

Сонымен, зумерлер неліктен қартаюдан қорқады?

«Z буыны 30 жастан кейін өмірлерін елестете алмайды. 20 жастағы жастар қартайып, тартымсыз болатындарына көндіккісі келмейді. Кейбіреулер дұрыс тамақтану, ақша үнемдеу немесе мансап үшін бас қатырмайды, өйткені олар 30-дан кейінгі өмірлерін қарттар үйінде ұзақ, мағынасыз, көңілсіз күйде және өлімді күтумен өтеді деп санайды», - деді Y буынына жататын жас блогер әріптестерінің не ойлайтынын айтып.

Неліктен мұндай пессимизм жастарға (соның ішінде жасөспірімдерге) тән? Аға буын тағы да әлеуметтік желілерді кінәлайды. Мыңжылдықтар тоғысында туғандар мен бумерлердің пікірінше, атақты адамдардың өңделген фотосуреттерін көріп алғаннан кейін, жастар да соларға еліктеп, косметологтар мен хирургтарға жүгіне бастады. Сонымен қатар, Z буыны дүние есігін аша салғаннан гаджеттермен бірге өсіп келеді, ал әлеуметтік желілердегі идеалды фотосуреттер олардың өз-өзіне деген сенімсіздігін күшейтті.

Қорыта келе, заманның ағымы, неше түрлі трендттердің қаптауы, цифрлық технологияның дамуы, әлеуметтік желінің кесірі, т.б. көптеген факторлардың әсерінен жастарымыз «бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты» дегеннің кері болғанмен, «ит үреді, керуен көшеді». Біздің көзімізге оғаш, санамызға сыймайтындай көрінетіндей бұл әдеттер де осы буынмен бірге «қартайып», бір күні тарихқа айналары анық.