Қазынашылық комитетінің төрағасы тағайындалды

Қазынашылық комитетінің төрағасы тағайындалды
Сурет: Gov.kz

Жаңа төраға

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Рахат Келдібайұлы Тоқбаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Рахат Тоқбаев 1965 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, «Тұран» университетін бітірген.

Еңбек жолы:

– 1982 жылы Атбасар жөндеу-механикалық зауытында темір ұстасының шәкірті болып бастады.

– 1985 жылдан 1998 жылға дейін қаржы-несие мекемелерінде жұмыс істеді.

– 1998-2001 жылдары – Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының валюталық операциялар бөлімінің басшысы.

– 2001-2006 жылдары – Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, Қаржы департаменті басшысының орынбасары.

–  2007-2013 жылдары – Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы.

– 2013-2021 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Қазынашылық департаментінің басшысы.

– 2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.