Қажылыққа барып қамалғандар

Қажылыққа барып қамалғандар Сурет: ашық дереккөз

Жалған визамен қажылыққа барып, қамауға алынған 300-ден астам қазақстандық босатылды – СІМ


Қажылыққа барған жүздеген қазақстандық қамауға алынды, оның себебі виза жарамсыз болған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Сыртқы істер министрлігінің Джидда қаласындағы бас консул атына біздің азаматтарымыздан Сауд Арабиясындағы полиция бөлімінде қамауда екендігі туралы хабар түсті. Ол бойынша көмек көрсетілді. Ұсталған қажылардың барлығында қажылыққа жарамайтын туристік виза болған. Бас консул өз қызметкерлерімен бірге дереу полиция бөліміне барып, оларды босатып, қонақ үйге орналастыруға көмектесті. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Сауд Арабиясының аумағына жалған визамен 300-ден астам азамат барған. Барлық қажылардың орналасқан жерін бақылау мүмкін емес болмай тұр. Себебі, қамаудан босатылғаннан кейін 100-ден астам қажы бірнеше автобуспен өз бетінше кетіп қалған», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.



Еске салсақ, осыдан бірер күн бұрын қажылыққа барған қазақстандықтардың жалған визамен ұсталып, қамауға алынғаны туралы хабар тараған еді. Болған жайтқа қатысты Қазақстан мұсылдары діни басқармасы түсінік берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00