Қажеттілігі бар тест тапсырушыларға ҰБТ-да 40 минут қосылады

Қажеттілігі бар тест тапсырушыларға ҰБТ-да 40 минут қосылады
Сурет: 24.kz

Сонымен қатар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды.

ҰБТ тапсырған тестіленушілерге әрбір пән бойынша жеке тақырыптық талдау ұсынылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биылдан бастап оқушыларды тестілеу «1 компьютер - 2 камера - 1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізілуде, деп

Яғни, оқуға түсушінің тест тапсыру орнында негізгі камерадан басқа, жеке тұлғаны сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін, оның дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін алдыңғы веб-камера орнатылған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

«ҰБТ-ның базасына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша контекстік тест тапсырмалары қосылды. Бұл тапсырмалар терең білімді, ақпаратты талдау сияқты кең ауқымды дағдылар мен қабілеттерді бағалайды. ҰБТ тапсырған тестіленушілерге әрбір пән бойынша жеке тақырыптық талдау ұсынылады. Бұл талдау ҰБТ-ға түсушілердің дайындығын арттыруға және өздерінің білім деңгейін бағалауға көмектеседі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де жағдайлар жасалды. ҰБТ-2022-де көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған ерекше қажеттіліктері бар балаларға қосымша тестілеу уақыты (40 минут) берілді. Сонымен қатар, олар үшін суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды», - деген жазбасында орталық басшысы.