«Қазгидромет» мамандары 6 өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» мамандары 6 өңірде ескерту жариялады
Сурет: Liter.kz

Жел соғады, найзағай ойнайды.

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 16 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 күшейеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, тұман болжанады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз шығыста екпіні 15-20 м/с артады.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында найзағай күтіледі.

Түнде және тәңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с жетеді.