Қазгидромет 3 шілдеде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады

Қазгидромет 3 шілдеде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады
Сурет: El.kz

Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Ұлытау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады

Қазгидромет 3 шілдеде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қазақстанның солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасы ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал еліміздің қалған территориясында атмосфералық фронталды бөліктер тұрақсыз ауа райын сақтайтын болады – жаңбыр, батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі, дауыл, батыста бұршақ, оңтүстігі мен оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде, Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, күндіз Ақтөбе облысының батысы мен шығысында қатты жаңбыр күтіледі.

Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Ұлытау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жетісу облысының батысында, Абай облысының батысы мен шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с. Ауаның температурасы түнде 10-12, күндіз 25-27 градус жылы болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 17-19, күндіз 32-34 градус жылы болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 20-22, күндіз 36-38 градус жылы болады.