«KazEOSat» спутниктерін пайдалану мерзімі 2024 жылға дейін ұзартылды

«KazEOSat» спутниктерін пайдалану мерзімі 2024 жылға дейін ұзартылды Сурет: Mgorod.kz

Бұл жайында Мәжіліс депутатының сауалына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Техникалық параметрлерге сәйкес, жұмыс істеп тұрған -1 жоғары рұқсатты, «KazEOSat-2» орта рұқсатты жерді қашықтан зондтау ғарыш аппараттарының белсенді қызмет ету мерзімі 2021 жылы аяқталды. Сонымен қатар, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ (ЖҚЗ операторы) техникалық аудит қорытындысы бойынша спутниктерді пайдалану мерзімі 2024 жылға дейін ұзартылды. Осы спутниктерді алмастыру мақсатында қорғаныс қабілетін және ұлттық қауіпсіздікті арттырудың стратегиялық мәселесін ескере отырып, сондай-ақ азаматтық сектордың мұқтаждықтары үшін болашақ спутниктер тобының перспективалық техникалық келбеті пысықталуда», - деді ол.



Бірінші вице-премьердің атап өтуінше, уәкілетті орган жоғары рұқсатты жерді қашықтан зондтаудың бір ғарыш аппаратынан және «Кубсат» сериясындағы 16 орта рұқсатты аппараттардан топ құру жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме әзірлейді.



«Алдын ала бағалаулар бойынша жобаның жалпы құны шамамен 18 млрд теңгені құрайды», - деді Роман Скляр.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22