«ҚазАвтоЖолдың» Түркістан облысындағы филиал директоры қызметінен босатылды

«ҚазАвтоЖолдың» Түркістан облысындағы филиал директоры қызметінен босатылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Бетон плиталарының көтерілуін тоқтату бойынша шаралар қабылданды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры қызметінен босатылды. Оған жол сапасына қатысты тұрғындардың шағымы себеп болған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ел тұрғындарынан болған сынға байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директорын қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Қоғам төрағасының орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар жолдарды күтіп ұстау сапасын тиісінше бақыламағаны үшін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өңірлік филиал басшысына қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды», - делінген ұсынылған хабарламада.

Мәлімет бойынша, қазіргі уақытта бетон плиталарының көтерілуін тоқтату бойынша шаралар қабылданды. Сондай-ақ микросюрфейсинг төсеу жұмыстарын уақытша тоқтату шешімі қабылданды. Бұдан бөлек, цемент-бетон плиталарының арасын кеңейтетін температуралық тігістер күнделікті тексерілетін болды.