«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы қызметінен кетті

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы қызметінен кетті

Асқар Маратұлы 1 ақпан күні компаниядағы жұмысы аяқталатынын айтты.


«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Маратұлы қызметінен кетті. Бұл туралы бұрынғы басшы Instagram-да жазды, деп хабарлайды Almaty-akhsamy.kz Inbusiness.kz cілтеме жасап. 

Оның айтуынша, республикалық маңызы бар 3,6 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген.



«324 шақырым жол пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Алматыдағы «Алтын Орда» базарының жол айрығында жол жүрісі қамтамасыз етілді. Қызылорда-Жезқазған жолының құрылысы бойынша барлық келісім рәсімдері өтті. Жоба биыл басталады. Жол бойында 20-дан аса қызмет көрсету нысаны ашылды. Әлемнің жетекші банктерімен ынтымақтастық туралы бірнеше келісімге, сондай-ақ ірі отандық компаниялармен көпжақты меморандумдарға қол қойылды», - деп жазды басқарма төрағасы. 



Айта кетейік, 2021 жылғы 22 сәуірде Асқар Маратұлы «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42